elp.kz - e-Learning Portal Kazakhstan

 
 
аватар
Информатик ұстаздар
от mykat Zhakaev - Среда 30 Сентябрь 2009, 04:52
 

Сайтта қазақша жазу мүмкіндігінің болғаны үшін сайт жасаушылар мен басқармасына рахмет!

Информатик-ұстаздар, осы форум арқылы өз мәселелеріміді талқылайық. Информатик ұстаздардың сайтындағы сабақтар мен жұмыстар туралы да осы жерге пікірлер айтуға болады.

Мектептегі информатик ұстаздардың проблемалары көп. Соның бірі өз міндетіне жатпайтын жұмыстарды атақаруы. Мысалы мектептің, бухгалтердің, оқу-ісі меңгерушілерінің ақпараттық жұмыстарымен айналысу, интерактвитік сабақтардың дұрыс өтуін қамтамасыз ету,  мектеп сайтын жүргізу, интерактивіт тақтасы бар сынып бөлмелерінде пән-мұғаліміне көмектесу, пән мұғалімінің интерактвиті сабаққа дайындау және оның интернетте өткізуін қамтамасыз ету... т.б толып жатыр. Осы жұмыстары үшін ифнорматик-ұстазға сабақтарынан тыс ары кеткенде завкабинет қана төлейді. Осы мәселені қалай шешіп жатырсыздар?

 
Изображение пользователя Назгуль Кенежанова
Re: Информатик ұстаздар
от Назгуль Кенежанова - Среда 30 Сентябрь 2009, 05:16
 
Салемәтсиздер ме? ия, бұл мәселе үлкен сұрақ белгісі қойылған мәселе болып тур. Азирше амал жоқтықтың арқасында сол қағаздарды дәл қазіргі уаөыттада басып отырмыз.
аватар
Re: Информатик ұстаздар
от mykat Zhakaev - Пятница 2 Октябрь 2009, 02:56
 
Ең қиыны, сол "мен оған міндетті емеспін" - деп сол жұмысты орындаудан бас тартсаң пәлеге қаласың.
Изображение пользователя Марал Курмамбаева
Re: Информатик ұстаздар
от Марал Курмамбаева - Пятница 16 Октябрь 2009, 15:27
 

Ауылдық жерлерде "за вредность" деген бар, неге қалалық жерлерге ол жүрмейді? Бұрындары болатын тұғын...

 Курмамбаева Марал

Изображение пользователя Жанар Карибасова
Re: Информатик ұстаздар
от Жанар Карибасова - Среда 29 Сентябрь 2010, 05:19
 
Ауыл мектептерінде де "за вредность" төленбейді. Алынып тасталған.
Изображение пользователя Жадыра Сагынышкызы
Re: Информатик ұстаздар
от Жадыра Сагынышкызы - Среда 30 Сентябрь 2009, 06:16
 
Саламатсыз ба, Мукат агай сиздин көтеріп отырған тақырыбыңыз өте орынды. Әр жерде информатик ұстаздарға бар жұмысты артып қояды.  Жоғарыда айтылғандай жұмыстардың көбін атқаруға тура келеди. Демалыс күні ғана үйде боламыз. Компьютерлер істемей қалса да біз өзіміз жасауымыз керек. Осының бари дұрыс па? Кабинетте компьютердин істеп тұрғанына кім жауап беру керек? Сабақ кезінде компьютерлерді тексеріп шығуға уақытын да қалмай қалады. Сосын за вредность қанша төлену керек?
Изображение пользователя Адильхан Абдуахитов
Re: Информатик ұстаздар
от Адильхан Абдуахитов - Четверг 1 Октябрь 2009, 10:31
 
Заман (ақпараттық) талабына сай, мектепте ақпараттық координатор сияқты штат бөлінуі керек деп ойлаймын. Мәселен, мектепті безендіруші болады ғой.
Изображение пользователя Зауре Косбаева
Re: Информатик ұстаздар
от Зауре Косбаева - Среда 14 Октябрь 2009, 07:35
 

Мұғалімнің жағдайын жасау, бірлесіп жұмыс атқару әрине жұмыс берушіге байланысты мектеп басшысының өзі бұл мәселені білмейді не білгісі жоқ. Жыл басында штатты бекіту үйлестіру басшы құзырында.  Қазіргі заман ақпараттық ағымына ілесе алмайтын мамандар мен жұмыс жасауды да қалауы мүмкін ғой. Білімді азаматтармен жумыс жасаудың өзі бір ғанибет емес пе? 

Изображение пользователя Руслан Арыстанов
Re: Информатик ұстаздар
от Руслан Арыстанов - Четверг 1 Октябрь 2009, 10:53
 
Мурат Жакаев мырза барлык мектептердин класс комплектисине байланысты окушылар контенгентине байланысты курал жабдыктар инженері деген штат берілген болатын сол штат компьютермен тактаны жокндеу колдануга уйретету жана программалармен камтамасыз етуге жумыс болиндисинде корсетилген
аватар
Re: Информатик ұстаздар
от mykat Zhakaev - Пятница 2 Октябрь 2009, 02:52
 

Бұл шағын қалалар мен аудандарға жеткен жоқ болу керек. Біз естімедік. Қандай заң, құжат? Егер, құпия болмаса оны осы жерде жазсаңыз.

Изображение пользователя Самал Мажитова
Re: Информатик ұстаздар
от Самал Мажитова - Суббота 10 Октябрь 2009, 12:05
 
Сәлеметсіздер ме, информатик ұстаздар!  Сіздердің көтеріп отырған проблемаларыңздың шешілетін кезі келген сияқты. Қазіргі кездегі білім беру үрдісі әр педагогтан жаңашылдық пен біліктілікті талап етеді. Бірақ осы талап барлық ұстаздарға бірдей қойылып отырған жоқ. Балаға дұрыс, әлемдік стандартқа сай білім береміз десек әр педагог өзі қазігрі кездегі күннен -  күнге қарқынды дамып келе жатқан ақпараттық технологияны меңгеруге міндетті. Кім маған жасап береді, кімнен дайын сабақ алсам деген ойдан арылу керек. Ал осы мәселені барлық мектептердің басшылары өз алдарына міндет етіп қойса, мектептегі мұғалім неге талпынбасқа. Қазақ айтады ғой, "Балық баснына шіриді деп", барлығы мекеме басшысына байланысты. Мен өз мектебімнен мысал келтірейін, бізде әр педагог өз сабағына қатысты нәрсені өздері жасайды. Ал мектептегі штатта берілген хатшы- референттер барлық құжатты жасауға, жазуға міндетті. Ал жеке мұғалімнің жұмысын жазуға ол міндетті емес. Мектеп басшысы мұғалімдердің толық білім алуына жағдай жасады, олар үйренді, әр мұғалім өз қағазын өзі басады, сол сияқты флипчарттарды да өздері жасайды.
Изображение пользователя Зауре Косбаева
Re: Информатик ұстаздар Мұғалімнің жағдайы мемлекеттік мәселе!
от Зауре Косбаева - Среда 14 Октябрь 2009, 07:20
 

Мұғалімнің жағдайы мемлекеттік мәселе! Мектеп басшысының өзі бұл мәселені білмейді, себебі қазіргі заман ақпараттық ағымына ілесе алатын білімді азаматтарды тәрбиелегенде шешімге жақындаймыз деп есептеймін. Оқуға тірелгені түсінікті, оның ішінде ұстаз біліміне аса назар аудару керек. Муғалім біліктілігін арттыратын курстарды жүйелі, жоспарлы өткізуді жолға қою керек.

   Косбаева Зауре

uchitel informatiki
Re: Информатик ұстаздар
от Maksud Saidmuratov - Воскресенье 18 Октябрь 2009, 17:27
 

Сәлеметсіз бе? Иә жазған сөздеріңіз дұрыс! Бырақ біреуден қорқып, бәлеге қаламыз деп, біреудің жұмысын істеп жұргеннен оны ашық айтып әр кім оз жұмысын озі атқарсын деп айтуға сіздер (информатиктер) міндеттісіздер деп ойлаймын. Менде осы мәселені педкеңесте ортаға салдым. Озім мультимедиа кабинетте сабақ отіп келем. Егер басқа пән мұғалімдері сабақ отем десе кабинетті босатып берем және қолымнан келген жәрдемді берем. Бұл деген сөз мен олардың жұмысын істеп беремін дегені емес. Мұғалімдер компьютерде отырып жұмыстарын оздері істейді. Мен олар қыйналган жерде жәрдем берем. Секретардың отчеты, бухгалтердің есебі т.с.с. дың барлығын оздеріне істетіп басында тек мен жәрдем беріп тұрам. Басында оте қыйналдым. Уақыт отіп менің қолым босап қалды. Себебі барлығы озінің жұмысын озі істейтін болды. Жасы ұлкен мұғалімдерде қолы бос болса келіп жазу жазатын болды. Сөздің қысқасы сіз әріптестеріңізге компьютер ұйретіп жұмыстарын озінің мойнына іліп құтылуға болады!

Жангозы
Re: Информатик ұстаздар
от Zhangozy Ongarbay - Среда 28 Октябрь 2009, 07:26
 
барлықтарыңызға сәлем!
Бұл мәселелер көптен бері айтылмай, айтылса да құлаққа жетпей жүрген мәселе ғой. Мен он жылдан бері информатикадан сабақ беремін, алғашқы жылдары барлығының секретары да, секретитуткасы да болып істедік. қазір жағдай мүлдем басқа, Максуд мырза айтқандай ешкімнің қағазында, жұмысында шаруам жоқ, мұғалімдер қағаздарын өздері істейді, қажет болса көмек көрсетем. сабақтан басқа уақытта өз жұмыстарыммен (үйірме, факультатив, обслуживание) айналысам, ешкімнің менде шаруасы жоқ.
Екінші мәселе, штат туралы. Ол туралы үкіметтің қаулысы бар, сол қаулыда айтылған мектептің контингентіне сай штат болуы міндетті, егер штат болмаса сол жұмысты істейтін адамға қызмет көрсету ақысы төленеді. Әрбір компқа 3,5% БДО-дан. Біздің мектепте 53 компьютер бар. өзіңіз есептеңіз қанша болатынын.
мына документте 7 пунктте жазылған. бұл документі ешқандай бухгалтер, экономист ешкімге көрсетпей жасырып ұстайды. қағазды алдына лақтырып өздеріңіге тиесілі ақшаны төлетіп алыңыздар. заң информатиктер жағында. штат туралы док қажет болса хабарласыңыздар.
Жангозы
Re: Информатик ұстаздар
от Zhangozy Ongarbay - Среда 28 Октябрь 2009, 07:30
 
мынау штат туралы үкіметтің қаулысы
үкіметтің қаулысын кім орындағысы келмейді десеңдер бәрі сенің алдыңа бас ұрады
іске сәт.
аватар
Re: Информатик ұстаздар
от mykat Zhakaev - Среда 28 Октябрь 2009, 14:32
 
Жанғозы, Рахмет, көп жасағыр!
Изображение пользователя Жайдарбек Баймаханов
Re: Информатик ұстаздар
от Жайдарбек Баймаханов - Вторник 13 Апрель 2010, 16:47
 
Мектепке ақпараттық меңгеруші деген штат берілу тиіс.
Изображение пользователя Айсауле Хуанбай
Re: Информатик ұстаздар
от Айсауле Хуанбай - Суббота 3 Март 2012, 06:19
 

сәлеметсіздер ме? сіздерден өтініш

маған лингафон кабнетінде нотбуктерди жумыстатуым керек нотбукте  байтерек сабағы ашылмайды.

аватар
Re: Информатик ұстаздар
от mykat Zhakaev - Четверг 15 Март 2012, 03:01
 
Бұл сұрағыңызды Инйорфматик ұстаздар сайтындағылардан да сұрап көріңіз. www.infust.kz