elp.kz - e-Learning Portal Kazakhstan

 
 
Изображение пользователя Куралай Балкаева
Конференция этнопедагогики города Кызылорда
от Куралай Балкаева - Четверг 20 Октябрь 2011, 10:11
 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ!

Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Этнопедагогика – жаһандану жағдайындағы жалпыадамзаттық құндылық бастауы» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференциясының ережесі

Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінде құрылған «Алтын ұя» этнопедагогикалық орталық Қазақтан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай қараша айының 21-22 жұлдызында «Этнопедагогика – жаһандану жағдайындағы жалпыадамзаттық құндылық бастауы» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференция мақсаты:

Жаһандану жағдайында жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек бейімделген, болашаққа жаңа көзқарасы бар, ұлттық рухани мұраны жалғастыра алатын, әлеуметтік өмірге ілесе білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1.Ұлттық дүниетаным және ақпарат арқалаған алтын ғасыр; (Он-лайн режимі арқылы)

2.Ұлттық көркемөнер – жастарды мәдени-эстетикалық тәрбиелеудің қайнар көзі; (көрме ұйымдастыру) 

3.Жаһандану жағдайындағы жастардың құқықтық-экономикалық тәрбиесі

Конференция материалдарының мазмұны мен құрылымына қойылатын талаптар:

1.Баяндама мазмұнының конференция тақырыбына сәйкес келуі;

2.Баяндама идеясының өзектілігі, өзіндік ерекшелігі;

3.Негізгі қорытынды, нақты ұсыныстардың болуы;

4.Кәсіби бағдарлануы;

5.Өмірмен байланыстылығы, практикалық мәні;

6.Шешендігі (материалды мазмұндау мәдениеті, аудиторияны өзіне қарата алуы);

7.Ғылымилығы;

8.Белгілі нәтижелер мен фактілерді қолдана білуі;

9.Рәсімдеу сауаттылығы (титул беті, мазмұны, библиографиялық ақпараттың рәсімделуі, қосымшалар, кесте, диаграмма, басу әдісі мен техникасы, рәсімдеу этикасы мен сауаттылығы);

10. Баяндамашының моральдық-психологиялық көңіл-күйі, басқару нақтылығы, қисындылығы, қысқалығы, дәлелділігі, сұрақтарға жауап беруге дайындығы

Конференция материалының рәсімдеу талаптары:

1.Мәтін Times Roman қаріпі, 14 шрифт, жоба мәтіні бір жол интервалында тірелуі қажет. Парақтың оң жағында автордың аты-жөні, мамандығы жазылады. Баяндама 4-5 беттен тұрады. Парақтың ортасында бас әріптермен материалдың атауы жазылады. Жиектер көлемі: сол жағы –

30 мм, оң жағы – 10 мм, жоғары жағы – 15мм, төменгі жағы – 20мм. Азат жолының шегінісі алтыншы жолдан басталуы керек.

2. Баяндама қазан айының 30 жұлдызына дейін қабылданады.

3.Тіркеу формасы қоса берілуі тиіс

Осы талаптар қанағаттандырылған жағдайда мазмұнды, практикалық маңызы бар, үздік шыққан баяндамалар колледждің республикалық «Білім және инновация» оқу-әдістемелік, педагогикалық журналында жарияланады.

Конференция үйлестірушісі: Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің «Алтын ұя» этнопедагогикалық орталығы

Байланыс телефондары: 27-75-27 (115), факс:26-21-91,

эл.пошта: ко_каzguu@ mail ru

ТІРКЕУ ФОРМАСЫ

1.Тегі,аты-жөні:

2.Оқу орны атауы:

3.Мекен-жайы:

4.Телефон:

5. Е.mail:

6. Секция атауы:

«Этнопедагогика – жаһандану жағдайындағы жалпыадамзаттық құндылық бастауы» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференциясына

ڤ- тыңдаушы ретінде қатысамын;

ڤ-баяндама оқимын;

ڤ- баяндаманы жинаққа беремін;

ڤ- конференцияда пікір алмасуға қатысамын;

ڤ-пленарлық мәжілісте шығып, ой-пікірімді білдіремін