elp.kz - e-Learning Portal Kazakhstan

Ссылки

Страница:  1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18 ...28   ()
Жамбыл Жабаев атындағы №161 көпсалалы қазақ гимназиясы
Описание:

№161 қазақ гимназиясының ғимараты 1934 жылы салынған. Мұнда Ұлы Отан соғысы кезінде әскери госпиталь болған. 1944 жылы госпитальға ақын Жамбыл Жабаев келген.

Соғыстан кейін ғимаратта №18 ерлер гимназиясы, одан соң 1993 жылға дейін №1 қалалық кешкі мектеп орналасқан.

1993 жылдың қыркүйегінде Жамбыл Жабаев атындағы №161 көпсалалы қазақ гимназиясы ашылды.

Жамбыл Жабаев атындағы №161 қазақ гимназиясы жаңа типтегі мектептердің бірі болып табылады. Гимназия төмендегі бағыттар бойынша жұмыс істейді:

- химия-биологиялық

- химия-математикалық

- физика-математикалық

- гуманитарлы (шетел тілдері)

- экономикалық

Химия, физика, математика, қазақ тілдері тереңдетіліп оқытылады.

7-сынып – даярлау сыныбы. Гимназия мақсаты тұлғаны қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, танымдық шығармашылыққа қызығушылығын арттыру.

8- сыныптан бастап оқушылар таңдаған бағыттары бойынша оқиды. Гимназия міндеттерін ескере отырып оқушылардың шығармашылық еңбегіне дайындығында пәндер бойынша төмендегідей арнайы курстар енгізілген: органикалық химияның есептері, арнайы математика, физика және қоршаған орта,экология және ұлт болашағы, химия есептері және т.б.

№161 қазақ гимназиясында оқулық авторлары мен 3 ғылым кандидаты, 1 ғылым докторы, 1 ҚР-ның еңбек сіңірген мұғалімі, 1 ҚР-ның сыйлы жұмысшысы, 16 еңбек озаттары, 1 Крупская Н.Н. атындағы премия лауреаты, пән бағдарламалары мен электронды оқулық авторлары жұмыс істейді.

2004 жылы гимназияны 81 оқушы бітірді. Біріңғай Ұлттық Тестілеудің нәтижесі бойынша әрбір оқушының орта балы 80,4- ке тең болды. Мұндай нәтижелер қала масштабында жоғарылардың бірі болып табылды. 81 талапкердің ішінен 32-сі жоғары оқу орындарына «мемлекеттік грант» бағдарламасы бойынша және 16-сы «мемлекеттік оқу несие» бағдарламасы бойынша түсті.


golovaJJ.JPG

Жамбыл Жабаев (1846-1945) көрнекті қазақ ақын- имправизаторы. Жамбыл Жабаев 1846 жылдың 28 ақпанында қазіргі Алматы облысның Жамбыл ауданында дүниеге келген.Ол қазақ даласында танымал болды. Атақты оған қырғыз батыр эпосы «Манас» шығармасының үзіндісі мен шығыс поэмалары «Шахнамэ» және «Мың бір түн» әкелді.

Октябрь кезеңіне дейін Жамбылдың айтыстары мен өлеңдері сақталмады, ұрпақтан ұрпаққа ауызша беріліп отырған. Олардың кейбір бөліктері ғана қалған. Олардың ішіндегі аса танымалдары: «Менің әкеме», «Шабданға», «Шалтабайға», «Қалиге» т.б.

1916 жылғы ұлт- азаттық көтеріліс кезінде Жамбыл халықпен бірге болып, көтеріліске белсенді қатысады. Ақын өз өлеңдерімен көтеріліске қатысушыларды патша режиміне қарсы тұруға шақырды. Осы жылдары Жамбыл «Зілді бұйрық», «Патша әмірі таралды» атты өлең-жырларын шығарды.

Жамбыл 1917 жылғы қазан төңкерісінен куәгері болып қзақ халқы өмірінің барлық жағынан жаңаруын өз көзімен көрді. Бұл оқиғалар жаңа қоғамды құруға деген ниетімен көмек көрсетуін көрсетті.

1919 жылы Жамбыл Жетісу ақындарының слётына қатысты. 1934 жылы Жамбыл халық өнерпаздарының I республикалық сьездіне қатысып, нағыз халық ақыны екендігін дәлелдейді. 1936 жылы Мәскеуде қазақ өнерінің онкүндігі өткізілді. Кейіе Тбилисиде Жамбыл қазақ поэзиясының атағын әрі қарай шығарады. 1938 жылы Жамбыл шығармашылығының 75 жылдығына орай оған құттықтауларды сол кездегі танымал жазушылар мен Р.Роллан, М.А.Неков, К.Причард, М.Шолохов жіберді.

Ұлы Отен соғыс жылдары кезінде шығарылған «Мәскеу» және тағы да басқа өлеңдері жеңіске жетуге көп үлес қосты. Соғыс жылдарында Жамбыл жалынды, өткір өлеңдерімен халқымызды бейбіт елімізге тұтқиылдан тиген жаудан кек алуға жігерлендірді.

Өмірдің соңғы жылдарында жиі науқастанған Жамбыл 100 жасқа аяқ басқанда, 1945 жылы 22- маусымда қайтыс болды.

Жамбыл Жабаев өлеңдері қазақ поэзиясының дамуына көп үлес қосқан. Ұлы ақын шынында да «ХХ ғасыр Гомері», сөз шебері болып қала береді.


Язык: көп тілді - многоязычный
Картинка:
Olzhas Suleimenov -Пятница 9 Октябрь 2009, 13:06
Страница:  1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18 ...28   ()